Шымкент қаласындағы Абай саябағы аумағында орналасқан бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері өткізілді. Бұл нысандарға қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тиісті талап арыздар беріліп, заң аясында шаралар қабылдануда.
Абай саябағы аумағында орналасқан «INGOLSTAD» кафесіне қатысты да сот шешімі қабылданды. 2024 жылғы 18 желтоқсанда Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты №5265-2-00-2/3880 шешімімен құрылыс нысандарын жауапкердің есебінен мәжбүрлеп бұзу туралы талапты қанағаттандырды. Бұл шешім 2025 жылғы 19 наурызда апелляциялық сатыда қаралып, өзгеріссіз қалдырылды. Сонымен қатар, сот алқасы тараптардың медиация тәртібімен татуласу келісімін мақұлдамады. Қазіргі таңда аталған іске байланысты татуласу келісімін бекіту туралы өтініш Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына қайта жолданып, іс қаралу үстінде. Ал, «Колизей» кафесіне қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2025 жылғы 24 сәуірде №5265-25-00-2/77 шешімімен мемлекеттік органның талап арызын қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым беріліп, қазіргі уақытта іс сотта қаралу сатысында.
Аталған сот істері қала аумағындағы заңсыз құрылыстарды жою, қала келбетін сақтау және жер заңнамасын бұзуға жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Мәселелер заң аясында әрі кезең-кезеңімен шешілуде.
Больше историй
Угрожает ли госдолг экономике Казахстана
«SAQ-2024» жобасы — төтенше жағдайлардың алдын-алатын тың жоба
Жұмат Шаниннің туған жеріне тағзым