13 июня, 2026

Территория правда

Информационное агенство

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ КӨЛЕМІ 1 ТРЛН ТЕҢГЕДЕН АСҚАН

 

Созақ ауданында өткен жылы жалпы өңірлік өнім көлемі 1 трлн 42 млрд 134 млн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 129,9%-ға артқан. Сондай-ақ, былтыр аудан экономикасына 311 млрд 427 млн теңге инвестиция тартылып, 2024 жылмен салыстырғанда 71 млрд 27 млн теңгеге өскен. Бұл жайында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

«Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша негізгі капиталға 2 млрд 35,5 млн теңге инвестиция тартылып, жылдық жоспар 101,8 пайызға орындалды. Ал, тамақ өндірісіне 254 млн теңге инвестиция тартылған. Су үнемдеу технологияларын қолдану бойынша 308 гектар жерге жаңбырлатып суару, 33 гектар жерге тамшылатып суару әдісі, жалпы 341 гектарға орнатылып, жоспар 102,4% орындалды. Сонымен қатар, 2025 жылдың қорытындысымен 12 702,6 тонна ет, 8 161,4 тонна сүт, 1 977,5 мың дана жұмыртқа өндірілді»- деді спикер.

Өңірдегі инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Ауданға қарасты елді мекендер 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, 2025 жылы Созақ ауданында магистральды газ құбырының құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, биыл өңірге алғаш рет көгілдір отын келді. 2026 жылдың 13 ақпанында аудан орталығы Шолаққорған ауылына газ беріліп, 4 600 абонент көгілдір отынға қол жеткізді. Енді Созақ және Құмкент ауылдарына газ құбырын тарту бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай-ақ, Жартытөбе, Бабата және Аққолтық елді мекендерін газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары басталған. Сонымен қатар, ауданға қарасты елді мекендер 100% электр энергиясымен қамтылған.

«Өткен жылы аудан аумағында құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Атап айтар болсақ, 2023 жылы құрылысы басталған Шолаққорған ауылындағы заманауи спорт кешенінің құрылысы 2025 жылдың қазанында толық аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, ірі кітапхана құрылысы да аяқталып, биыл 30 қаңтар күні қолданысқа берілді. Созақ, Тасты ауылдық округтерінде әкім аппараты ғимараттарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Шолаққорған ауылындағы «Достар» стадионын қайта құру жұмыстары аяқталды. Одан бөлек, Жуантөбе, Тасты, Шу, Сызған, Құмкент және Жартытөбе ауылдарында жабық футбол алаңшаларының құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өңірдегі баспана мәселесін шешу бойынша да ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы Жеткіншек мөлтек ауданында 2 қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, Шолаққорған ауылында да 2 қабатты 16 пәтерлі баспана өз иесін тапқан. Бүгінгі таңда жалпы аудан аумағында 76 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деді аудан әкімі.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

__________

ОБЪЕМ ВАЛОВОГО РЕГИОНАЛЬНОГО ПРОДУКТА СОЗАКСКОГО РАЙОНА ПРЕВЫСИЛ 1 ТРЛН ТЕНГЕ

В Созакском районе объем валового регионального продукта в прошлом году достиг 1 трлн 42 млрд 134 млн тенге, что на 129,9% больше, чем в 2024 году. Также в прошлом году в экономику района было привлечено 311 млрд 427 млн тенге инвестиций, что на 71 млрд 27 млн тенге больше, чем в 2024 году. Об этом сообщил аким Созакского района Мухит Турысбеков на брифинге с представителями СМИ.

«В прошлом году в отрасль сельского хозяйства было привлечено 2 млрд 35,5 млн тенге инвестиций в основной капитал, годовой план выполнен на 101,8%. В производство продовольственных продуктов привлечено 254 млн тенге инвестиций. По применению водосберегающих технологий на 308 гектарах установлено дождевание, на 33 гектарах — капельное орошение, в целом на 341 гектаре план выполнен на 102,4%. Кроме того, по итогам 2025 года произведено 12 702,6 тонн мяса, 8 161,4 тонн молока, 1 977,5 тыс. штук яиц», — сказал спикер.

В области инфраструктуры района также потерпели позитивные изменения. Населенные пункты района на 100% обеспечены централизованной питьевой водой. Также в 2025 году в Созакском районе завершены строительно-монтажные работы магистрального газопровода, в этом году в район впервые пришло голубое топливо. 13 февраля 2026 года в районном центре села Шолаккорган был подан газ, 4 600 абонентов получили доступ к голубому топливу. Сейчас разрабатывается проектно-сметная документация по прокладке газопровода в села Созак и Кумкент. Также начаты строительные работы по газоснабжению населенных пунктов Жартытобе, Бабата и Акколтык. Населенные пункты района на 100% обеспечены электроэнергией.

«В прошлом году на территории района интенсивно проводились строительные работы. В частности, строительство современного спортивного комплекса в селе Шолаккорган, строительство которого началось в 2023 году, было полностью завершено и введено в эксплуатацию в октябре 2025 года. Также было завершено строительство крупной библиотеки, которая была введена в эксплуатацию 30 января текущего года. В Созакском, Тастинском сельских округах завершено строительство и сданы в эксплуатацию здания аппарата акима. Завершены работы по реконструкции стадиона «Достар» в селе Шолаккорган. Кроме того, проведены работы по строительству крытых футбольных полей в селах Жуантобе, Тасты, Шу, Сызган, Кумкент и Жартытобе. Реализуются масштабные проекты по решению жилищных вопросов в регионе. В прошлом году завершилось строительство двухэтажного 16-ти квартирного жилого дома в микрорайоне Жеткиншек, а в селе Шолаккорган -двухэтажного 16-ти квартирного дома. На сегодняшний день на территории района ведется строительство 76-ти квартирных жилых домов», — сказал аким района.

Региональная служба коммуникаций Туркестанской области