Құрылтай сайлауына орай Түркістан қаласындағы №105 сайлау учаскесінің маңында тұрғындар үшін «Аквагрим» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балалардың бетіне түрлі бейнелер мен ұлттық нақыштағы өрнектер салынды. Отбасымен бірге сайлауға келген бүлдіршіндер үшін бұл бастама ерекше көңіл-күй сыйлап, сайлау күнін есте қаларлықтай етті.
Мұндай мәдени-шығармашылық шаралар сайлау күнінің мазмұнын толықтырып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, Түркістан қаласында 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қала бойынша 136 602 сайлаушы тіркелген.
#Түркістан
Больше историй
ЖАҢАТАС ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА
Мировой лидер контейнерных перевозок, MSC Group, начинает работу в Казахстане
ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА