15 февраля, 2026

Территория правда

Информационное агенство

Бүгін елімізде тәрбиеші офицерлер күні атап өтіледі.

Бүгін елімізде тәрбиеші офицерлер күні атап өтіледі. Бұл – әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйіне жауапты, патриоттық сананы қалыптастыратын, сондай-ақ әскери ұжымдарда қолайлы ахуалды қамтамасыз ететін және әскери қызметшілердің құқықтарын қорғаумен айналысатын кәсіби мамандардың мерекесі.
Бүгінгі таңда Қазақстан Қарулы күштерінде Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес тәрбие жұмысын күшейту және әскери тәртіпті нығайту жөніндегі кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Аталған тапсырмалар  аясында командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары қызметіндегі бес негізгі бағыт айқындалды. Оның ішінде қауіпсіздік мәселелеріне, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әскери қызметшілердің құқықтарын қорғауға және олардың кәсіби құзыреттерін дамытуға жағдай жасауға барынша  көңіл бөлінуде.
Әскердің қоғамға ашықтығы да біртіндеп күшейтіліп келеді. Депутаттардың, Бас редакторлар клубы өкілдерінің және «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешені жүзеге асырылуда.