Қазақстан Ұлттық Банкі мен екінші деңгейлі банктер 2026 жылғы бірінші жартыжылдықта 259 400 теңгенің 57 жалған ақша белгісін (49 банкнота және 8 монета) анықтады. Бұл 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 68,4%-ға аз (96 жалған ақша белгісі).
Көбіне номиналы 2 000 теңгелік банкноталар қолдан жасалған – 22 дана, анықталған жалған ақшалардың жалпы санының – 38,6%-ы. Одан кейінгі орында номиналы 10 000 теңгелік банкнота тұр – 16 дана (28,1%), 5 000 теңгелік банкнотада – 11 дана (19,3%), қалған 14% – монеталар.
Қазақстан Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ұлттық валютаның сыртқы белгілеріне ұқсайтын және «ПРАЗДНУЕМ ВМЕСТЕ!», «НЕ ЯВЛЯЕТСЯ ПЛАТЕЖНЫМ СРЕДСТВОМ» деген бөгде жазулары бар баспа өнімдерін сатып алуға болатыны туралы жарнамалар да бар екенін ескертеді.
Осыған байланысты, қолма-қол ақшаны пайдаланған кезде банкнотадағы жазуларға айрықша назар аударып, олардың түпнұсқалығын мұқият тексеріп алған жөн.
Больше историй
АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА «АЛАКӨЛ ТОЛҚЫНЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Жолаушыларға адам саудасының қауіптері түсіндірілді