Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауында тиісті деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
«Алакөл толқыны» фестиваліне Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шетелдік туристер мен қонақтар, сондай-ақ Қазақстанның әр облысынан келген демалушылар мен өңір тұрғындарын қоса алғанда, 5 мыңнан астам адам қатысты.
Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Алакөл өңірінің туристік әлеуетін, табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптейтін арнайы бейнероликтің көрсетілімімен басталды.
Ресми бөлімде алғашқы құттықтау сөз Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевқа беріліп, ол өңірде туризм саласын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және Алакөл жағалауын халықаралық деңгейдегі туристік бағыт ретінде дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.
Больше историй
Қаржы қамалы
ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Жолаушыларға адам саудасының қауіптері түсіндірілді