ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан күрес федерациясының бірлескен «Мектеп күрес лигасы» жобасы аясында Шымкент қаласындағы №140 «Келешек» мектебінде жаңа күрес залы салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға Қазақстан күрес федерациясының президенті Еркін Оқасов, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, белгілі спортшылар мен бапкерлер қатысып, жақсы бастамаға куә болды.
Жобаның негізгі мақсаты – мектеп оқушылары арасында бұқаралық спортты дамыту, күрес түрлерін кеңінен насихаттау, балалардың спортқа қызығушылығын арттыру және еліміздің намысын қорғайтын болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге жағдай жасау.
Шымкент қаласының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясының бастамасымен МЕКТЕП КҮРЕС ЛИГАСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ осылайша қалада алғаш рет №140 «Келешек» мектебінен бастау алды. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.
Больше историй
Қаржы қамалы
АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА «АЛАКӨЛ ТОЛҚЫНЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ