18 августа, 2026

Территория правда

Информационное агенство

Жолаушыларға адам саудасының қауіптері түсіндірілді

 

Бүгіннен бастап елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай «Адам саудасы – ауыр қылмыс» атты республикалық акция бастау алды. ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған кең ауқымды іс-шараға жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылып, қоғамның назарын адам саудасының алдын алуға аударуға басымдық берілуде.
Шымкент қаласында осы мақсатта арнайы құрылған үгіт-насихат тобы теміржол вокзалына барып, жолаушылармен кездесу өткізді.
«Біз өз тарапымыздан азаматтарға адам саудасының қауіпі, оның белгілері мен сақтану жолдары және құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Арнайы дайындалған ақпараттық жадынамалар таратып, жолаушылардың сұрақтарына жауап берудеміз», — дейді Шымкент қаласы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Дастан Имансейітов. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.