Шымкент қаласында осы жылдың алғашқы алты айында жіті ішек инфекциясымен 231 науқас жұқпалы аурулар ауруханасында емделген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 276 адамды құраған. Мамандардың мәліметінше, аурудың болжамды жұғу жолдарының 49,3 пайызы тағам арқылы болса, 50,7 пайызы тұрмыстық қарым-қатынас арқылы тараған. Осы алты айлықта ботулизмнің бір жағдайы тіркелген. Соның салдарынан үш адам ауырған. Алдын ала мәлімет бойынша, ауру үй жағдайында консервіленген өрік шырынын тұтынудан болған.
Бұл туралы Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов брифинг барысында айтып, тұрғындарды жазғы маусымда санитариялық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.
Жаздың күні шілде болғанда, дастарқанымызда қауын-қарбыз, жеміс-жидек пен түрлі көкөністер көбейеді. Алайда ыстық күндері азық-түліктің тез бұзылуы, жеміс-жидектерді дұрыс жумай тұтыну, сапасы күмәнді суды пайдалану немесе жеке бас гигиенасын сақтамау адам денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін. Әсіресе, жаз мезгілі жіті ішек инфекциялары жиі таралатын кезең. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.
ІШЕК ИНФЕКЦИЯСЫНАН САҚ БОЛЫҢЫЗ
Больше историй
Қаржы қамалы
АЛАКӨЛ ЖАҒАЛАУЫНДА «АЛАКӨЛ ТОЛҚЫНЫ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Жолаушыларға адам саудасының қауіптері түсіндірілді